Назым Қызайбай әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесін алды

Фотография - Назым Қызайбай әлем чемпионатындағы үшінші жүлдесін алды

Ол бүгінге дейін әлем біріншілігінде бір алтын бір қола медал еншілеген болатын.

550 0

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Астанада өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды Today.kz.

Финалдық кездесуде қазақ қызы қытайлық Ван Юяньмен кездесіп айқын басымдықпен жеңді. 

  Бұл Назым Қызайбайдың әлем чемпионаттарында қол жеткізген үшінші жүлдесі және екінші алтыны. Ол 2012 жылы қола жүлде иеленсе, 2014 жылы әлем чемпионы атанған болатын. Міне бүгін Астана төрінде әлемнің екі дүркін чемпионы деген атаққа қол жеткізіп отыр. 

 Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына Назым Қызайбайдан өзге тағы да үш отандасымыз шыққан болатын. Олар:54 келіге дейінгі салмақтағы Дина Жоламан,Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).

Ал тағы екі қызымыз Жайна Шекербекова мен Айжан Ходжабекова Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Жайна Шекербекова қоламен қоса Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдаманы да еншіледі.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!