Дина Жоламан да әлем чемпионы атанды

Фотография - Дина Жоламан да әлем чемпионы атанды

Бұған дейін Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде топ жарған болатын.

423 0

Астанада өтіп жатқан  әйелдер арасында әлем чемпионатында  қазақстандық боксшы Дина Жоламан жеңіске жетті, деп хабарлайды Today.kz. 

54 келіге дейінге  салмақ дәрежесінде сынға түскен Дина Жоламан болгарлық боксшы қыз Стойка Петровадан айласын асырды. 

Бұған дейін Назым Қызайбай Астанада өтіп жатқан әлем біріншілігінде топ жарған болатын.

Назым мен Динадан басқа тағы екі отандасымыз финалда өнер көрсетеді.

Олар:Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары).

Ал тағы екі қызымыз Жайна Шекербекова мен Айжан Ходжабекова Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдесін еншіледі. Жайна Шекербекова қоламен қоса Риода өтетін жазғы олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!