"Қазақстан" мен "Kazsport" арналары UEFA EURO 2016 чемпионатын толық көрсетеді

Фотография - "Қазақстан" мен "Kazsport" арналары UEFA EURO 2016 чемпионатын толық көрсетеді

Негізгі трансляциялардан бөлек, UEFA EURO 2016кезінде арнайы студиялық бағдарлама жоспарлануда.

351 0

"Қазақстан" Ұлттық телеарнасы мен "Kazsport" телеарнасы 10 маусым мен 10 шілде аралығы Францияның 10 қаласында өтетін футболдан UEFA EURO 2016 Еуропа чемпионатын толық көрсетеді. Он бесінші рет өткізілгелі отырған бірегей спорттық турнирді көрсету құқығын "Қазақстан" РТРК" АҚ 2014 жылы сатып алған болатын.

Финалдық кезеңі 10 шілдеде аяқталатын Еуропа чемпионатының алғашқы матчын "Қазақстан" Ұлттық арнасы 2014 жылы 9 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан – Латвия кездесуінен бастады.

Екі жыл көлемінде Қазақстан құрамасы да атсалысқан іріктеу сынысының трансляцияларынан бөлек, Корпорацияға қарасты "Қазақстан" ұлттық арнасы мен "Kazsport" телеарналарында UEFA EURO 2016финалдық кезеңінің жеребе рәсімі мен турнирге арналған бірнеше арнайы жоба эфирге шықты.

15-ші Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде алғаш рет 24 құрама өнер көрсетпек. "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы турнирдегі 51 кездесудің 36-сын, "Kazsport" телеарнасы 15-ін көрсетеді. Сонымен қатар, барлық матчтардың қайталап көрсетілуі де "Kazsport"телеарнасында жоспарланған.

Негізгі трансляциялардан бөлек, UEFA EURO 2016кезінде арнайы студиялық бағдарлама жоспарлануда. Әрбір кездесудің қарсаңында тікелей эфирге шығатын жоба барысында жүргізушілер мен студия қонақтары Еуропа чемпионатының барысын талқылап қана қоймай, түрлі конкурстарды ұйымдастыруды жоспарлауда.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!