"Астана Арландары" финалға шыға алмады

Фотография - "Астана Арландары" финалға шыға алмады

Лондонда өткен жекпе-жектерде жергілікті боксшылар 4:1 есебімен жеңіске жетті,

189 0

"Астана арландары" мен "Бритиш Лайнхартс" арасындағы жартылай финалдың екінші кездесуі аяқталды. Лондонда өткен жекпе-жектерде жергілікті боксшылар 4:1 есебімен жеңіске жетті, деп жазады Vesti.kz. Қазақстан құрамында Азамат Исақұлов (52 келі) Корюн Согомонянға 0:3 есебімен жол берсе, Зәкір Сафиуллин (60 келі) де Люк Маккормэкке осындай есеппен ұтылды, ал Нұрдәулет Жарманов (81 келі) Радослав Панталеевке есе жіберді – 0:3, Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) та Фрэйзер Кларктан жеңіліс құшты – 2:0. Жалғыз жеңіс Асланбек Шымбергеновке (69 келі) тиесілі. Ол Джошуа Келлиден 2:1 есебімен басым түсті. Айта кетейік, "Астана арландары" алғашқы кездесуінде аталған командаға 3:2 есебімен жол берген. Осылайша ағылшын боксшылары WSB-дің финалында "Куба домадореспен" өзара кім мықтыны анықтайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!