Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

Фотография - Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің төртінші айналымына жолдама алды

Үшінші айналымның ойынында жерлесіміз италияндық Карин Кнапптан басым болды

177 0

 Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева  теннистен Франция ашық біріншілігінің төртінші айналымына өтті, деп хабарлайды Today.kz.

Үшінші айналымның ойынында жерлесіміз италияндық Карин Кнапптан басым болды. Есеп:6:1, 6:1.
Юлия Путинцеваның келесі қарсыласы Карла Суарес Наварро (Испания) — Доминика Цибулкова (Словакия) жұбының жеңімпазы болмақ.
 Путинцева Франция ашық біріншілігінің  жекелей сынында қалған Қазақстанның жалғыз өкілі. Бұған дейін жарыс жолынан Зарина Дияс, Ярослава Шведова, Галина Воскобоева мен Михаил Кукушкин шығып қалған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!