Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы - "Реал"

Фотография - Чемпиондар лигасының биылғы жеңімпазы - "Реал"

Есеп "Реал" (Мадрид, Испания) – "Атлетико" (Мадрид, Испания) 1:1 (5:3).

269 0

Сенбіден жексенбіге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық ойынында Испанияның қос командасы өнер көрсетті. Бұл кездесуде "Реал" "Атлетикодан" пенальти сериясында басым түсіп, осы турнирдің 11 рет жеңімпазы атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

"Реал" (Мадрид, Испания) – "Атлетико" (Мадрид, Испания) 1:1 (5:3)

Голдар: Серхио Рамос 15 – Феррейра-Карраско 79.

"Реал": Навас, Марсело, Рамос, Пепе, Карвахаль, Модрич, Каземиро, Кроос, Роналду, Бензема, Бэйл.

"Атлетико": Облак, Луис, Савич, Годин, Хуанфран, Коке, Фернандес, Габи, Сауль, Торрес, Гризманн.

Милан қаласындағы "Сан Сиро" стадионында жанкүйерлер нағыз тартысты бәсекені тамашалады. Кездесудің бірінші таймында қос команда бірнеше қауіпті шабуылдарымен алмасты. Осындай сәттердің бірінде "Реал" капитаны Серхио Рамос мүмкіндігін мүлт жібермей, командасын алға шығарды. "Атлетико" осыдан кейін қанша тырысса да, алғашқы 45 минутта таразы басын теңестіре алмады.


Екінші таймда Диего Симеонеден жаңа нұсқаулар алған "Атлетико" ойыншылары ширақ қимылдай бастады. Төрешінің ысқырығын ести сала, шабуылға көшкен олар бірінші минутта-ақ пенальти тебу мүмкіндігіне ие болды. Айып алаңында испаниялық Фернандо Торреске қарсы Португалия құрама командасының ойыншысы Пепе ойын тәртібін бұзды. Алайда, 11 метрлік айып добын орындауға келген Антуан Гризманн қатты қобалжығандықтан мүмкіндігін тиімді пайдалана алмады. Бірақ осыған қарамастан олар кезекті шабуылдарының бірінде таразы басын теңестіріп кетті. Кездесудің 79 минутында Хуанфранның пасын Феррейра-Карраско голға айналдыра білді. Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Ал экстра-таймда есеп өзгеріссіз қалды. Осыдан соң, пенальти сериясы орын алып, "Реал" финалдық кездесуде қарсыластарынан тағы да басым түсты. Оның нәтижесі төмендегідей:

Пеналти сериясы: 1:0 – Васкес, 1:1 – Гризманн, 2:1 – Марсело, 2:2 – Габи, 3:2 – Бэйл, 3:3 – Сауль, 4:3 – Рамос, 4:3 – Хуанфран (бағана), 5:3 – Роналду.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!