Астанада стритболдан Қазақстан құрамасы таныстырылды

Фотография - Астанада стритболдан Қазақстан құрамасы таныстырылды

Жастардың бапкері Дэмиан Лонгтың айтуынша, спортшылар бір жыл бойы бірге жаттыққан. Олар жақсы дайындалып, өзіндік стиль жасап шығарды.

212 0

Санаулы күндерден кейін Астанада стритболдан FIBA 3х3 U18 Әлем чемпионаты басталады. Дүние жүзіндегі ең мықты көше баскетболшыларымен күш сынасатын Қазақстан құрамасы мүшелерінің есімдері анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Командаға Камал Әубәкіров, Артем Парфенов, Бақтияр Намазбаев, Ільяс Жүнісов енді. Әйелдер құрамасында Мәдина Байбөлекова, Райля Мүбаракова, Луиза Зукова және Карина Оленберг ойнайды. Олар жаттығу кезінде өз шеберліктерін көрсетті. Енді спортшылар өз алаңында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Қазақстанның ерлер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен ойнаса, қыздар командасы Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі.

Фото -

Жастардың бапкері Дэмиан Лонгтың айтуынша, спортшылар бір жыл бойы бірге жаттыққан. Олар жақсы дайындалып, өзіндік стиль жасап шығарды.

"Біз Алматыда дайындалдық, бірнеше турнирге қатыстық, ал екі апта бұрын Голландиядан мол тәжірибе жинап келдік. Не боларын уақыт көрсетеді. Жарысқа түрлі мемлекеттердің құрамалары жиналады, әлсіздер болмайды", — деді ол.

Елордалық жанкүйерлер 1-5 маусым аралығында "Астана Опера" театрының жанындағы алаңда еліміздің құрама командасына қолдау көрсете алады.

Әлем чемпионаты өтетін күндері көрермендер стритболдан 3х3 форматындағы кездесулерді, сондай-ақ, әр алуан ойын-сауық бағдарламасын тамашалайды



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!