Францияда "Ролан Гаррос" турнирінің барлық ойыны кейінге шегерілді

Фотография - Францияда "Ролан Гаррос" турнирінің барлық ойыны кейінге шегерілді

Табиғи апаттан елдің солтүстігі мен орталығында 7 бірдей департамент қатты зарап шеккен.

179 0

Францияда тоқтаусыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласты, деп жазды 24.kz.

Табиғи апаттан елдің солтүстігі мен орталығында 7 бірдей департамент қатты зарап шеккен. Кейбір аудандарда көшедегі су деңгейі бір жарым метрге дейін жетеді. Онда тек қайықпен ғана қатынауға мүмкіндік бар. Ал Орлеан қаласының іргесінде тасқын түрмені басып қалған. Соның салдарынан ондағы сотталғандар басқа жерге көшірілді. Табиғи апаттан ел астанасы Париж тұрғындары да жапа шегіп отыр. Мамыр шаһар үшін метеобақылау тарихында жауын-шашын ең көп жауған ай болды. Тіпті теннистен өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің барлық ойыны кейінге шегерілді. Синоптиктердің болжамы бойынша алдағы күндері жауын-шашын басыла қоймайды. 

Танг Джиру, Қытайдан барған турист: - Біз мұнда үйлену тойымызды өткізу үшін келген едік. Мынадай Парижді әлі көрген емеспін. Енді міне, жаңбырдың астында суретке түсуге мәжбүрміз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!