Ресейлік спортшы Олимпиада лицензиясынан бас тартты

Фотография - Ресейлік спортшы Олимпиада лицензиясынан бас тартты

Чемпионат аяқталысымен Лебедев жеңілгенін мойындап, Олимпиада лицензиясынан бас тартатынын айтты.

224 0

Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы, Ресейдің алты дүркін чемпионы Виктор Лебедев Олимпиада лицензиясынан бас тартты. Бұл туралы egemen.kz  хабарлады.

Ресей чемпионатында ол дағыстандық балуан Исмаил Мусукаевпен күрескен болатын. Осы белдесуде төрешілер жеңісті Саха Республикасының өкілі Лебедевпен берген. Белдесуден кейін Мусукаев төрешілердің шешіміне келіспей, төбелес шығарған. Сол кезде ОМОН-ның жасағы келіп, екеуінің арасында ушығып бара жатқан төбелесті тоқтатқан. Чемпионат аяқталысымен Лебедев жеңілгенін мойындап, Олимпиада лицензиясынан бас тартатынын айтты.

"Чемпионатта маған төрешілер көмектесіп отырды. Мен Мусукаевтан жеңілгенімді мойындаймын. Бірақ, оның төбелес шығарғаны дұрыс болмады. Одан кейін де маған төрешілер көмектескен еді. Александр Богомоевпен кездесуде де төрешілердің көмегімен жеңіске жеттім. Бұл белдесуде Богомоев менен жақсы күресті. Мен мұндай әділетсіздікпен келіспеймін. Егер Олимпиадаға қатысып, құрмет тұғырына көтерілсем де біреудің жеңісін ұрлағанымды ойлап тұратын едім. Жүрегім тыныштық таппайтын еді. Чемпиондық атақтан ешқандай әсер алмай, өмір бойы ұялып жүретін едім", деді ол.

Осы чемпионатта Лебедев пен Мусукаваетың белдесуіне төрелік жасаған үш қазы қуылды. Алайда, есеп сол күйінде сақталып қалды. Ал Бурятияның балуаны Богомаевпен күресте екеуіне чемпиондық атақ берілді.

Дағыстанда жанкүйерлер Саха балуанының шешіміне ризашылық білдірді. Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко болса, Лебедевтің шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтты. "Әркім өз ісіне өзі жауап береді. Жақын арада біз еркін күрес федерацияның өкілдерімен кездесіп, Олимпиадаға балуандарға лицензия беретін жолдарды талқылаймыз. Өйткені, 57 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде бәсекелестер көп. Олимпиадаға тек мықтылар ғана бару керек. Біз жарыста Ресейдің күрес әлемінде мықты ел екенін көрсетуіміз керек", деді ол.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!