Астанада COBIS халықаралық ойындары өтті

Фотография - Астанада COBIS халықаралық ойындары өтті

Ойындардың ашылуында қонақтар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты.

121 0

Елордада COBIS (Council of British International Schools) Британ Халықаралық мектебінің төменгі сынып оқушыларының арасындағы халықаралық ойындары өтті. Мамырдың 27-29 аралығында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 336 оқушы жүзу, жеңіл атлетика және футболдан жарысты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ойындардың ашылуында қонақтар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен танысты. Келесі күні қатысушылар "Қазақстан" спорт сарайында жүзуден сайысты. Содан кейін QSI халықаралық мектебінде жеңіл атлетикадан жарыстар ұйымдастырылды. Ойындар "Астана Арена" стадионында футбол матчтарымен аяқталды. Бұл турнирде нигериялық St. Saviour’s мектебі жеңіске жетті.

"Осындай ірі халықаралық іс-шараны өткізгенімізге қуаныштымыз, оған көп бала қатысты. Қонақтарымыз Астана туралы жақсы әсерде қалатындай көп күш-жігерімізді жұмсадық", — дейді Haileybury Astana мектебінің директоры Колин Каллаган.

Айта кетейік, COBIS ойындары оқушылар үшін ең ірі халықаралық шаралардың бірі болып табылады. Аталған ойындардың екі санаты болады: жоғары сыныптарға (7-8 сыныптар) және төменгі сыныптарға (5-6 сыныптарға) арналған. Ойындар жыл сайын түрлі мемлекеттерде өткізіледі. Осы ойындардың ұйымдастырушысы ретінде шақыру алу қабылдаушы мектеп үшін үлкен құрмет саналады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!