EURO-2016. Кәрі құрлықтың басты доп додасына бір апта қалды

Фотография - EURO-2016. Кәрі құрлықтың басты доп додасына бір апта қалды

Жарыстың барлық ойындарын қазақстандық жанкүйерлер "Қазақстан" және KazSport телеарналарынан тамашалай алады.

383 0

Енді бір аптадан кейін Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Бүгінде сайдың тасындай іріктелген құрлықтың 24 командасы сайысқа сақадай сай тұр. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

10 маусым күні жалауы желбірейтін бұл жарыстың барлық ойындарын қазақстандық жанкүйерлер "Қазақстан" және KazSport телеарналарынан тамашалай алады. Оның ішінде 36 кездесу "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілсе, қалған 15 матчты KazSport көрермендер назарына онлайн режімде ұсынады. Сондай-ақ, барлық ойынның KazSport телеарнасынан жанкүйерлерге қолайлы уақытта қайталап көрсетілетінін атап өткен жөн.

Айта кетейік, чемпионаттың беташар кездесуі 10 маусымнан 11-іне қараған түні Астана уақытымен сағат 00:50-де басталады. Аталған матчта доп додасын ұйымдастырушы ел Франция мен Румыния құрамалары сынға түседі. Ол ойын "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тағы бір ескеретін жайт, Еуропа чемпионатына қатысушы командалардың құрамы doda.egemen.kz сайтына жариялануда. Қазіргі Еуропа чемпионы Испания командасының құрамымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Еуропа чемпионаты ойындарының трансляция кестесі (Астана уақытымен):

Жұма, 10 маусым

00:50 Франция – Румыния ("Қазақстан")

Сенбі, 11 маусым

18:50 Албания – Швейцария (KazSport)

21:50 Уэльс – Словакия ("Қазақстан")

00:50 Англия – Ресей ("Қазақстан")

Жексенбі, 12 маусым

18:50 Түркия – Хорватия (KazSport)

21:50 Польша – Солтүстік Ирландия ("Қазақстан")

00:50 Германия – Украина ("Қазақстан")

Дүйсенбі, 13 маусым

18:50 Испания – Чехия (KazSport)

21:50 Ирландия – Швеция ("Қазақстан")

00:50 Бельгия – Италия ("Қазақстан")

Сейсенбі, 14 маусым

21:50 Австрия – Венгрия ("Қазақстан")

00:50 Португалия – Исландия ("Қазақстан")

Сәрсенбі, 15 маусым

18:50 Ресей — Словакия ("Қазақстан")

21:50 Румыния – Швейцария ("Қазақстан")

00:50 Франция – Албания ("Қазақстан")

Бейсенбі, 16 маусым

18:50 Англия – Уэльс (KazSport)

21:50 Украина – Солтүстік Ирландия ("Қазақстан")

00:50 Германия – Польша ("Қазақстан")

Жұма, 17 маусым

18:50 Италия – Швеция (KazSport)

21:50 Чехия – Хорватия ("Қазақстан")

00:50 Испания – Түркия ("Қазақстан")

Сенбі, 18 маусым

18:50 Бельгия – Ирландия (KazSport)

21:50 Исландия – Венгрия ("Қазақстан")

00:50 Португалия – Австрия ("Қазақстан")

Жексенбі, 19 маусым

00:50 Швейцария – Франция ("Қазақстан")

00:50 Румыния – Албания (KazSport)

Дүйсенбі, 20 маусым

00:50 Ресей – Уэльс (KazSport)

00:50 Словакия – Англия ("Қазақстан")

Сейсенбі, 21 маусым

21:50 Украина – Польша (KazSport)

21:50 Солтүстік Ирландия – Германия ("Қазақстан")

00:50 Хорватия – Испания ("Қазақстан")

00:50 Чехия – Түркия (KazSport)

Сәрсенбі, 22 маусым

21:50 Венгрия – Португалия ("Қазақстан")

21:50 Исландия – Австрия (KazSport)

00:50 Италия – Ирландия (KazSport)

00:50 Швеция – Бельгия ("Қазақстан")

Сенбі, 25 маусым

18:50 1/8 финал – бірінші матч (KazSport)

21:50 1/8 финал – екінші матч ("Қазақстан")

00:50 1/8 финал – үшінші матч ("Қазақстан")

Жексенбі, 26 маусым

18:50 1/8 финал – төртінші матч (KazSport)

21:50 1/8 финал – бесінші матч ("Қазақстан")

00:50 1/8 финал – алтыншы матч ("Қазақстан")

Дүйсенбі, 27 маусым

21:50 1/8 финал – жетінші матч ("Қазақстан")

00:50 1/8 финал – сегізінші матч ("Қазақстан")

Бейсенбі, 30 маусым

00:50 ширек финал – бірінші матч ("Қазақстан")

Жұма, 1 шілде

00:50 ширек финал – екінші матч ("Қазақстан")

Сенбі, 2 шілде

00:50 ширек финал – үшінші матч ("Қазақстан")

Жексенбі, 3 шілде

00:50 ширек финал – төртінші матч ("Қазақстан")

Сәрсенбі, 6 шілде

00:50 жартылай финал – бірінші матч ("Қазақстан")

Бейсенбі, 7 шілде

00:50 жартылай финал — екінші матч ("Қазақстан")

Жексенбі, 10 шілде

00:50 ФИНАЛ ("Қазақстан").



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!