Зүлфия Чиншанло допинг үшін Олимпиялық медалінен айрылады

Фотография - Зүлфия Чиншанло допинг үшін Олимпиялық медалінен айрылады

Жақында Халықаралық олимпиялық комитет Бейжің мен Лондон Олимпиялық ойындарының жеңімпаздарын допинг-тестіден қайтара өткізген

375 0

Қазақстандық ауыр атлет Зүлфия Чиншанло 2012 жылы Лондон Олимпиялық ойындарында алған алтын медалінен айрылатын түрі бар. Бұл туралы China Post газетінің дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.


Қытай басылымы жақында Халықаралық олимпиялық комитеттің Бейжің мен Лондон Олимпиялық ойындарының жеңімпаздарын допинг-тестіден қайтара өткізгенін жазады. Солардың бірінде Чиншанлоны  тексеру оң нәтиже көрсеткен, яғни оның допинг қолданғаны анықталған. Мұндай тұзаққа барлығы 4 спортшы түсіп қалған.


China Post мәліметінше, енді Зүлфияның алтын медалі Ойындарда күміс жүлдегер атанған тайвандық Хсу Шучинге тапсырылады. Әзірге Қазақстан ұлттық олимпиялық комитеті бұл жағдайға байланысты ешқандай ресми жауап берген жоқ. Ал газет Тайвань спортшысы жаттықтырушысының фейсбукте олимпиялық жоғары награданың өз шәкіртіне берілгені туралы пост жазғанын, бірақ артынша жазбасын алып тастағанын баяндайды.


22 жастағы Зүлфия Чиншанло Алматыда туған. Бірақ бала кезінде ата-анасымен бірге Қытайға қоныс аударады. Ол 2008 жылы Қазақстанға оралып, біздің еліміздің азаматтығын алды. Сол уақыттан бері республика құрамасы сапында өнер көрсетіп келеді. Ол 2009 жылы 16 жасында ересектер арасында әлем чемпионы атанып, ауыр атлетика тарихында рекорд жасады.


Чиншанло 2012 жылы Лонднда өткен Олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының болжамы бойынша әлемнің ең үздік зілтеміршісі атанды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!