Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында қайтыс болды

Фотография - Әйгілі боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында қайтыс болды

Осыдан бірнеше күн бұрын Мұхаммед Әли тыныс жолдарының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылған

363 0

АҚШ-тың Аризон штатына қарасты Финикс қаласындағы ауруханалардың бірінде әйгілі боксшы Мұхаммед Әли 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

NBC News телекомпаниясына даңқты боксшының қайтыс болғаны туралы мәліметті оның отбасының өкілі мәлімдеді.

Британиялық Mirror басылымы осыдан бірнеше күн бұрын Мұхаммед Әлидің тыныс жолдарының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған. Кейінірек дәрігерлер оның жағдайы тым ауыр екенін әрі өлім аузында жатқанын айтты. Боксшыны ауруханадан шығару туралы шешім қабылдамақ болған, бірақ бұл Мұхаммед Әлиге ауыр болады деген қорытындыға келді.

Айта кетейік, ол 1942 жылы 17 қаңтар күні АҚШ-тың Кентукки штатындағы Луисвилл қаласында туған. Ауыр салмақ дәрежесіндегі кәсіби боксшы. Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы. Бүгінге дейін жыл боксшысы атағына 5 рет ие болған жалғыз спортшы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!