Илья Ильин де допинг дауына ілікті

Фотография - Илья Ильин де допинг дауына ілікті

Бұл ақпарат расталса, Ильин Олимпиаданың алтын медалінен айырылып, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатыспайды

1021 1

Азиялық БАҚ-қа сілтеме жасаған Oasport.it ауыр атлетикадан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильиннің 2012 жылғы Олимпиада кезінде алынған допинг-сынамасы оң нәтиже көрсеткенін хабарлап отыр.

Жоғарыда айтылған ақпарат расталып жатса , Ильин Олимпиаданың алтын медалінен айырылып, 2016 жылы Риода өтетін Олимпиадаға қатыспайтын болады, деп хабарлады Sports.kz.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның басқа Олимпиада чемпионы - Зүлфия Чиншанлоның допинг-сынамасы да оң нәтиже бергені туралы хабарланған болатын

Ал одан ертеректе ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының мүшелері Жасұлан Қыдырбаев, Алмас Өтешов және Ермек Өміртай допинг қолданды деген айып тағылып үлкен спорттан шеттетілген болатын.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Арман 12 там. 18:09

Шет елдер казакстанды коре алмит жане отирик допинг колданды деди

Жауап беру