Риоға баратын босқындар командасына 10 спортшы енді

Фотография - Риоға баратын босқындар командасына 10 спортшы енді

Мигранттардың дені – Африка азаматтары, екеуі – сириялы

334 0

Биыл Бразилиядағы жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын босқындар командасының құрамына 22 адам кіреді, деп хабарлады 24.kz.

 Олардың 10-ы спортшы да, қалғандары – ресми тұлғалар. Мигранттардың дені – Африка азаматтары, екеуі – сириялық. Бұл туралы Швейцарияда өткен баспасөз мәслихаты кезінде Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді. 

Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті: - Мен алғашқы босқындар командасының құрамын жариялап отырғаныма өте қуаныштымын. Бұл – тарихи сәт. Олар бүкіл әлемдегі мигранттар үшін өзіндік үміт нышаны болып, әлемдік қауымдастықтың назарын көші-қон дағдарысына аударады. Бұл спортшылар басына төнген қиындықтарға қарамастан, қоғамның дамуына белсене атсалысып келеді. 

Айта кеткен жөн, дүбірлі дода 5-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтеді. Босқындар тобы онда Олимпиада жалауы астында жарысады. Жеңіске жеткен жағдайда, марапаттау кезінде Олимпиада әнұраны шырқалуы тиіс. Ал жарысқа қатысуға кеткен барлық шығындарды Халықаралық олимпиада комитеті өз мойнына алып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!