Қазақстанның Олимпиада комитеті допинг туралы ақпаратты растады

Фотография - Қазақстанның Олимпиада комитеті допинг туралы ақпаратты растады

Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Швейцарияның Лозанна қаласында жүр.

282 0

Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті 2008 жылғы Пекин Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан бес спортшының "А" допинг-тесті екінші рет тексерістен өткенін растады. Себебі спортшылар допинг пайдаланды деген күдік бар, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазіргі кезде Халықаралық Олимпиада комитеті мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің ережелеріне сәйкес, "Б" сынамаларын қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Швейцарияның Лозанна қаласында жүр. Ол жерде "Б" допинг-тесттері қосымша зерттеуден өтпек. Аталған процедура құпия түрде жүргізіледі. Сол себепті нақты нәтиже шықпайынша, ешқандай ресми ақпарат жарияланбайды.

"Қосымша тестілеу рәсімдері аяқталып, зерттеудің ресми нәтижелері шыққанда Ұлттық Олимпиада комитеті осы мәселе бойынша комментарий беруге уәкілетті болады", - делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!