Испанияда жарыс кезінде автомобиль көрермендерді соқты

Фотография - Испанияда жарыс кезінде автомобиль көрермендерді соқты

Сол жердегі 17 адам зардап шекті. Барлығының аяқ-қолдары, бас сүйектері сынған.

181 0

Испанияның Кантабрия провинциясында өтіп жатқан ралли қайғылы аяқталды.  Жарыс жаңбырдан соң басталғандықтан, жол тайғақ болған еді. Салдарынан жарысқа қатысқан каталондық жүргізуші Жан Соланс тізгінге ие бола алмай қалды.

Көлік жеңіл қоршауды бұзып, жанкүйерлер тұрған жаққа өтіп кеткен. Қираған қоршау бөліктері жан-жаққа ұшып,  жолдан тысқары тұрған көрермендердің басына түсті.

Сол жердегі 17 адам зардап шекті.  Барлығының аяқ-қолдары, бас сүйектері сынған.  Жарақат алғандардың бірі ауыр халде тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!