Астанада стритболдан әлем чемпионатының қорытындысы шығарылды

Фотография - Астанада стритболдан әлем чемпионатының қорытындысы шығарылды

Ширек финалда ерлер арасында Словения-Бразилия, Италия-Грузия, Аргентина-Катар және Жаңа Зеландия-Уругвай командалары кездесті

266 0

Жексенбі күні "Астана Опера" театрының жанындағы алаңда көше баскетболынан Әлем чемпионатының ақтық жарыстары өтті. Бірнеше күн бойы стритболдан Әлем біріншілігінде 20 ерлер және 20 әйелдер командасы өзара шеберлік байқасты. Ерлер арасында катарлық, әйелдер арасында француз командасы көш бастады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ширек финалда ерлер арасында Словения-Бразилия, Италия-Грузия, Аргентина-Катар және Жаңа Зеландия-Уругвай командалары кездесті. Жартылай финалға Бразилия, Италия, Катар және Жаңа Зеландия құрамалары өтті. Катар жаңазеландиялық команданы айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алып, ақтық сайыста турнирдің фавориттері атана алмаған, бірақ тартысты ойын көрсеткен Бразилия командасымен күш сынасты. Жартылай финалда бразилиялықтар екі айыппұл добын дөп тигізіп, Италия командасын бір ұпай басымдықпен жеңіп шықты. Шешуші кездесуде 20:12 есебімен катарлықтар топ жарды, ал Италия құрамасы чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, дәл осы Катар құрамасы шешуші ойында Қазақстанға ширек финалға шығуға мүмкіндік бермеді.

Фото -

Әйелдер арасындағы ойындар да қызықты өтті. Ширек финалда Венгрия-Испания, Франция-Нидерланды, АҚШ-Қытай, Жаңа Зеландия-Чехия құрамалары кездесті. Жартылай финалға Испания, Франция, АҚШ және Чехия командалары өтті. АҚШ құрамасы турнирдің сөзсіз фавориттері атанып, финалға шықты. Испания-Франция командалары арасындағы жекпе-жек бір ұпай айырмашылықпен француздардың пайдасына шешілді. Франция мен АҚШ командаларының ақтық кездесуінде француз спортшылары 21-12 есебімен жеңіп шықты. Үшінші орын үшін болған ойында испандықтар Чехия командасынан басым түсті.

FIBA Халықаралық баскетбол федерациясының өкілдері Қазақстанның астанасында өткен Әлем чемпионатына жоғары баға беріп, ұйымдастырушылардың да, спортшылардың да, Әлем біріншілігінің трансляциясын ғаламтордан тамашалағандардың да сенімін ақтағанын атап өтті.

Еске салайық, Әлем чемпионатының кездесулері 3х3 форматында өтті, оған әлемнің 30 мемлекетінен 200 жуық спортшы қатысты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!