Ольга Рыпакова "Гауһар лигасын" жеңіп алды

Фотография - Ольга Рыпакова "Гауһар лигасын" жеңіп алды

Ол үш қарғып секіруде жарыстың басты фавориті колумбиялық Катрин Ибаргуэннен 5 см артық секіріп, бас жүлдені жеңіп алды

249 0

Қазақстандық Ольга Рыпакова Британияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан өткен "Гауһар лигасы" жарысының алтыншы кезеңінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ол үш қарғып секіруде жарыстың басты фавориті колумбиялық Катрин Ибаргуэннен 5 см артық секіріп, бас жүлдені жеңіп алды. Рыпакова 14 метр 61 см-ге дейін секірсе, Ибаргуэн 14 метр 56 см нәтиже көрсетті. Жарыста украиналық Ольга Саладуха үшінші орын алды. Ол 14 метр 40 см-ге дейін секірді.

Осы сында Рыпакова соңғы төрт жылда колумбиялық жеңілатлетті жеңген жалғыз спортшы болды. 2012 жылдан бері аталған жарыста оның алдына ешкім шыға алмаған. Ол жақында Рим қаласында өткен "Гауһар лигасы" бесінші кезеңінде қазақстандық спортшы күміс жүлдегер, Шанхай және Дохада өткен бәсекеде қола медалист болған еді.

Қазіргі кезде "Гауһар лигасы" жарысында Ольга Рыпакова, Катрин Ибаргуэн, Ольга Саладуха мен ямайкалық Шаника Томас жүлделі орындардан көрініп келеді. Осы төрттік Олимпиадада бір-біріне бәсекелес болатыны сөзсіз. Рыпакованың өзі алтыншы кезеңнің жеңімпазы болғанда осындай нәтижемен тағы да Олимпиада чемпионы атануым әбден мүмкін, деді.

"Гауһар лигасы" – бұл жыл сайын Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін коммерциялық жарыс. Ол 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Жарыс жыл сайын 14 рет ұйымдастырылады. Оны демеушілер табылып жатса, бір қала бірнеше рет өткізуі мүмкін. Ал жалпы, ол дүние жүзінің әр қаласында өтеді. Бұған дейін "Алтын лига" өткізілген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!