Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг мәселесіне қатысты пікір білдірді

Фотография - Арыстанбек Мұхамедиұлы допинг мәселесіне қатысты пікір білдірді

Ал орта жолдан ақпарат таратқандардың сөзіне қатысты тергеу басталған

585 0

"Халықаралық Олипиада комитетінен допингке байланысты ресми хат келген жоқ. Сондықтан әзірге Илья Ильинді айыптау орынсыз". Еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы елді шулатқан допинг мәселесіне қатысты бүгін осындай пікір білдірді, деп жазды 24.kz. Министрдің айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетіне допинг-тесттің нәтижесі жазылған ресми қағаз жіберуі тиіс. Ал орта жолдан ақпарат таратқандардың сөзіне қатысты тергеу басталған. Сондықтан оның қорытындысын күту керек. "Мәселенің ақ-қарасы ажыратылмай, даттауға да, жақтауға да болмайды", - деді министр. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі: - Допинг бақылауға байланысты сіздерде мынандай, мынандай азаматтарда қауіп бар деген ақпарат келеді. Сол кезде ғана біз іске кірісеміз. Ал оған дейін нақты мынандай спортшының фамилиясы жоқ болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!