Ауыр атлетикадан 77 және 85 келіде чемпиондар анықталды

Фотография - Ауыр атлетикадан 77 және 85 келіде чемпиондар анықталды

Ал 85 келіге дейінгі салмақта чемпиондыққа талас үш спортшы арасында өрбіді

179 0

Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Альберт Линдер 77 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Спортшы алдымен жұлқа көтеруде 145 келіні еркін бағындырып, сосын 150 келіге тапсырыс берген болатын.

Алайда ол салмақ 19 жасар жас спортшыға бағынбады, үшінші мүмкіндігінде 150 келіні басынан асыра көтеріп, жұлқа көтеруде жеке дара көш бастады. Ал серпеде 180 және 187 келіні еркін бағындырған болатын, алайда үшінші мүмкіндігінде 192 келіні көтере алмады. Бірақ нәтижесінде Линдер 337 (150+197) келімен қос сайыс қортындысы бойынша чемпион атанды. Екінші орынды 289 (131+158) келі көтерген Медет Жундібаев алса, үздік үштікті Ринат Баудербеков 280 (140+1140) қорытындылады.

Ал 85 келіге дейінгі салмақта чемпиондыққа талас үш спортшы арасында өрбіді. Олар былтырғы 77 келіде әлем чемпионы атанған Нижат Рахимов, Азия чемпионы Айдар Казов және Лондон олимпиадасына қатысушы бірнеше мәрте халықаралық жарыстардың жеңімпазы Кирилл Павлов арасында болды. Жұлқа көтеруде Рахимов 162 келімен көш бастаса, Казов 160 ты бағындырды ал үздік үштікті Павлов 159 келімен түйіндеді. Ал серпе көтеруде Айдар Казов 197 келіні еркін бағындырып, 200 келіге тапсырыс берген болатын алайда екі мүмкіндігінде де көтере алмай қос сайыс қортындысы бойынша 357 (160+197) үздік үштікті түйіндеді. Павлов 195 және 200 келіні бағындырып 201 келіге шықпады. Ал соңғы әлем чемпионы Нижат Рахимов 200 және 205 келіні көтеріп жеке дара көш бастады. Ал үшінші мүмкіндігінде 211 келіні басынан асыра бағындырып 77 келіге дейінгі салмақта олимпиадалық рекорд орнатты. Сонымен қатар Нұрлыбек Саменов 340 (155+185) төртінші, Евгений Евстафьев 321 (150+171) бесінші орынға тұрақтады.


Baq.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!