Денис Уланов 94 келіге дейінгі салмақта топ жарды, Седов жарыстан шеттетілді

Фотография - Денис Уланов 94 келіге дейінгі салмақта топ жарды, Седов жарыстан шеттетілді

Күміс жүлде қызылордалық Рүстем Сыбайға тисілі

3266 0


Ауыр атлетикадан Талдықорған қаласында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 94 келіге дейәнгі салмақта өскемендік Денис Уланов топ жарды. Қоссайыс нәтижесінже 396 келіні бағындырған Денис екінші орынмен шектелген Рүстем Сыбайдан 31 келі артық көтерген. Үздік үштікті Шыңғыс Сағындықов түйіндеді, деп хабарлайды Today.kz.

 Осы салмақтағы алтын жүлдеге басты үміткер болған Владимир Седов жарыс барысында жанжал шығарып бәсекеден шеттетілді. Ол "Міне, саған Олимпиада чемпионы!", – деп айқлап  үстіндегі футболкасын шешіп  трибунаға қарай лақтырып жіберген. Кейін белгілі болғандай оның үстінде ресейлік ауыр атлет Александр Ивановтың суреті бейнеленген футболға болған. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында  Александр Иванов біздің мақтанышымз екі дүркін Олимпиада ойындарының жеңімпазы Илья Ильинге жеңілген болатын. 

Фото -


Ауыр атлетикадан 94 келіге дейінгі салмақта Қазақстан біріншілігінің қортындысы:

1. Денис Уланов 396 (180+216) 170+ 175+ 180+; 210+ 216+

2. Рүстем Сыбай 365 (175+190) 170- 170+ 175+; 190+ 222- 222-

3. Шыңғыс Сағындыков - 335 (145+190) 140+ 145- 145+; 181+ 190+

4. Ринат Калиекберов -  335 (155+180) 150+ 155+ 161-; 180+ 187- 187-

5. Алихан Шайхидинов - 315 (145+170)145+ 150- 150-; 170- 170+ 181-

6. Абзал Қыдыров - 281(132+149) 115+ 125+ 132+; 135+149+ 160-

7. Олег Ваганов - 265 (125+140)120+ 125+ 130-; 140+ 150- 150-

8. Эльдар Сембаев - 214 (92+122) 80+ 85+ 92+; 105+115+ 122+


Святослав Радченко - 162 (0+162) 130- 133- 133-; 156+ 162+ 168-

Владимир Седов (0)




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!