Қытаймен өткен ойында Қазақстан футболшысы ауыр жарақат алды

Фотография - Қытаймен өткен ойында Қазақстан футболшысы ауыр жарақат алды

Жолдастық кездесу 1:0 есебімен аяқталды.

3913 0


Футболдан Қазақстан құрамасы Қытаймен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Baq.kz.

Қытайдың Далянь қаласында өткен жолдастық кездесуде Азат Нұрғалиевтің 69 минутта соққа гол Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлады.

Өкініштісі сол, бірінші таймның аяқталар тұста Ұлан Қонысбаев ауыр жарақат алып қалды. Оның Сүйімбаев алмастырғанмен екінші таймның ортасына дейін есеп өзгерген жоқ. Алпысыншы минута алаңға шыққан Нұрғалиев кездесу есебіне өзгеріс енгізді. Жолдастық матчта екінші рет ескерту қағазын алған Елдос Ахметов алаңнан қуылды.

Жарақат алған "Атырау" футбол клубының ойыншысы Ұлан Қонысбаев енді ұзақ уақытта алаңға шықпайды. Алған жарақатынан оның аяқ сүйегі сынған.


Қазақстан құрамасы бұған дейін Қытаймен екі рет кездесу өткізіп жеңіліс тапқан болатын.

Қытай — Қазақстан 0:1 (0:0)

Гол: Нұрғалиев 69 (0:1)

Ескертулер: Жэнь Хан 44, Рон Хао 70 — Байжанов 53, Логвиненко 61, Ахметов 74, Сүйімбаев 90

Қызыл қағаз: Ахметов 83

Қытай: Ван Далэй, Жэнь Хан, Фэн Сяотин, Чжан Линьпэн, Чжао Цзянь, У Си, Хао Цзюньминь, Рон Хао, У Лэй, Ли Сюпен, Ян Сюй

Қазақстан: Лория, Шомко, Логвиненко, Малый, Ахметов, Смаков (Тагыберген 89), Байжанов (Мухудинов 67), Қонысбаев (Сүйімбаева 46), Нөсербаев (Муртазаев 76), Мужиков (Досмагамбетов 90), Хижниченко (Нұрғалиев 60)

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -

 Ұлан Қонысбаев Қытайда тағы жеті күн болады, деп хабарлады Vesti.kz.
Сүйек жарақаты салдарынан екі тобық үсті сіңірлері, оған қоса балтырдағы сіңір де үзіліп кеткен. Ота 3,5 сағатқа созылды. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі де ойдағыдай өтіпті. Алайда Қонысбаев тек үш айдан соң ғана жүре алады. Оған қоса аяғына орнатылған кейбір бекітпелер бір жылдан соң барып алынатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші таймның соңына қарай өз аяғының үстіне жайсыз құлап кеткен Қонысбаев аяғын сындырып алды. Футболшы ойын алаңынан дереу аурухана жеткізілді.
Қонысбаевтың жарақаты Қазақстан мен Қытай футболшылары арасында төбелеске себеп бола жаздады. Матчтан соң команда ҚФФ басшылығынан Даляньнан Алматыға ұшуды кейінге қалдыруды өтінді. Командаластар Қонысбаевпен бірге оралмақшы болған, алайда футболшы Қытайда тағы бір аптадай болады.
Фото -
Көптеген футболшылар мен футбол клубтары Қонысбаевқа қолдау білдіріп жатыр. Жерлесіміздің жарақат алуына кінәлі Қытайдың жартылай қорғаушысы Жэнь Хан болса кешірім сұраған.
Команда капитаны Самат Смақов бұл ойында өткізген матчтары бойынша рекорд жасап, ал Давид Лория болса ұлттық құрамадағы 40-шы ойынында қақпаны күзетті. Сондай-ақ жартылай қорғаушы Альмир Мұхитдинов пен форвард Роман Мұртабаев еліміздің негізгі командасында алғашқы ойынға қатысты. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!