Еуро-2016: Алғашқы матчтың үздік ойыншысы анықталды

Фотография - Еуро-2016: Алғашқы матчтың үздік ойыншысы анықталды

Пайенің соңғы минуттарда румындардың қақпасына бағыттаған соққысы нысанаға дөп тиіп, Францияға жеңіс сыйлады.

267 0

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Димитри Пайе кеше басталған Еуропа біріншілігінің алғашқы матчының үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Стад де Франс" стадионында өткен кездесу алаң иелерінің жеңісімен аяқталған еді. Пайенің соңғы минуттарда румындардың қақпасына бағыттаған соққысы нысанаға дөп тиіп, Францияға жеңіс сыйлады.

"Маусым басында менің Франция құрамасының сапында ойнайтыныма ешкім сенбеді. Дей тұрғанмен, мен осы турнирге қатысу үшін барымды салдым, күн-түн демей жаттықтым. Еуропа чемпионатының тәжірибесін әбден меңгергім келеді", - деді Пайе.

Алғашқы жеңістен кейін Франция құрамасы үш ұпай жинап, А тобының турнирлік кестесінде көш бастады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!