"Қайрат" сырт алаңда "Шахтерға" бес гол соқты

Фотография - "Қайрат"  сырт алаңда "Шахтерға"  бес гол соқты

Бұл ойында команда капитаны Бауыржан Исламхан үш гол соқты.

350 0

Футболдан Қазақстан премьер-лигасы 15-турының ойындары ойналды, деп хабарлады egemen.kz.

"Шахтер" (Қарағанды) – "Қайрат" (Алматы) 0:5

Голдар: Исаэль Барбоза 35, Жерар Гоу 47, Аслан Дарабаев 58, Бауыржан Исламхан 90 (пенальти), 92.

"Қайрат" сырт алаңда "Шахтер" командасына бес бірдей гол соғып, кезекті үш ұпайына қол жеткізді. Матчтың 35-минутында бразилиялық жартылай қорғаушы Исаэль Барбоза есеп басын ашса, өткен маусымның үздік бомбардирі атанған Жерар Гоу 47-минутта мергендігімен көзге түсті. Ал 58-минутта Аслан Дарабаев ойындағы үшінші голды соға білді. Команда капитаны Бауыржан Исламхан соңғы екі минутта екі доптың иесі атанды. Ол бірінші голын пенальтиден соқса, екіншісін негізгі уақытқа қосымша берілген минуттарда тоғытты.

Өзге ойындарда төмендегі нәтижелер тіркелді.

"Астана" (Астана) – "Жетісу" (Талдықорған) 1:0

Гол: Таңат Нөсербаев 45.

"Ордабасы" (Шымкент) – "Ертіс" (Павлодар) 2:0

Голдар: Азат Нұрғалиев 27, 59 (пенальти).

"Ақжайық" (Орал) – "Тараз" (Тараз) 2:1

Голдар: Фредди Хавьер Коронель Ортиз 16 (пенальти), 54 – Александр Алиев 75.

"Атырау" (Атырау) – "Оқжетпес" (Көкшетау) 2:1

Голдар: Павел Шабалин 28, Пшемыслав Трытко 53 – Серж Срепин Нганбе Бандо 47.

"Ақтөбе" (Ақтөбе) – "Тобыл" (Қостанай) 0:1

Гол: Сергей Яворский 68.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!