Қазақстанның Олимпиада жолдамалары 100-ге жуықтады

Фотография - Қазақстанның Олимпиада жолдамалары 100-ге жуықтады

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Рио Олимпиадасының 98 жолдамасына ие болды.

107 0

Қазақстанның спортшылары осы уақытқа дейін 98 жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Baq.kz.

Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясының хабарлауынша, жеңіл атлеттер 20 жолдама ұтып алса, ескек есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар.

Бұдан бөлек, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1, сондай-ақ ашық суда жүзуден 1 жолдаманы жеңіп алды.

Жалпы, 27 спорт түрінен еліміздің спортшылары Рио Олимпиадасының 98 жолдамасына ие болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!