Италия мен Испания құрамалары жеңіске жетті

Фотография - Италия мен Испания құрамалары жеңіске жетті

"Е" тобындағы екі ойында да жанкүйерлер күтпеген нәтиже тіркелді

479 0

Футболдан Франция жерінде Еуропа чемионаты жалғасуда. Кеше түнде "Е" тобының екі ойыны мен "D" тобындағы бір ойын өтті. "D" тобында ойнайтын Испания құрамасы Чехияны оңай ұтатындай көрінген. Дегенмен, жеңіске жету үшін Испания құрамасына біраз күш жұмсауына тура келді.

Испания-  Чехия – 1:0

Гол: Пике (87)

Испания: Де Хеа, Пике, Альба, Хуанфран, Рамос, Иньеста, Бускетс, Сильва, Фабрегас (Алькантара, 70), Нолито (Педро, 82), Мората (Адурис, 62).

Чехия: Чех, Губник, Сивок, Лимберски, Гебре Селасси (Шурал, 86), Росицки (Павелка, 88), Плашил, Крейчи, Дарида, Кадержабек, Нецид (Лафата, 75).

Ескерту: Лимберски (61).



"Е" тобындағы екі ойында да жанкүйерлер күтпеген нәтиже тіркелді. Златан Ибрагимовичі бар Швеция құрамасы Ирландияны ұтатындай көрінген. Алайда олар жеңіске жеткен былай тұрсын тең нәтиженің өзіне әрең қол жеткізді. 


Ирландия – Швеция 1:1

Ирландия: Даррен Рэндолф, Симус Коулман, Джон О’Ши, Киран Кларк, Роберт Брэйди, Гленн Уэлан, Джеймс Маккарти (Эйден Макгиди 85), Джеффри Хендрик, Уэсли Хулахан (Робби Кин 78), Джонатан Уолтерс (Джеймс Макклин 64), Шейн Лонг

Швеция: Андреас Исакссон, Микаэль Лустиг (Эрик Юханссон 45), Виктор Нильссон-Линделоф, Андреас Гранквист, Мартин Ульссон, Оскар Левицки (Албин Экдал 86), Ким Чельстрем, Себастьян Ларссон, Эмиль Форсберг, Маркус Берг (Йон Гвидетти 59), Златан Ибрагимович

Голдар: Киран Кларк (автогол) 71 – Уэсли Хулахан 48.



Ал осы ойын күнінің орталық кездесуі Бельгия мен Италия арасында өтті. Футболдың төңірегінде жүргендер Бельгия құрамасын осы ойынның ғана емес жалпы Еуропа біріншілігінің фаворитіне балаған. Ал іс жүзінде бәрі басқаша болы шықты. Италия құрамасы халықаралық аренадағы мол тәжірибесі арқасында  жеңіске жете білді. Енді Бельгияның  топтан шығуының өзі мұңға айналуы мүмкін.

Бельгия – Италия 0:2

Бельгия: Тибо Куртуа, Лоран Симан (Янник Феррейра-Карраско 75), Тоби Алдервейрелд, Томас Вермален, Ян Вертонген, Раджа Найнгголан (Дрис Мертенс 62), Аксель Витсель, Маруан Феллайни, Кевин де Брёйне, Эден Азар, Ромелу Лукаку

Италия: Джанлуиджи Буффон, Андреа Бардзальи, Леонардо Бонуччи, Джорджо Кьеллини, Марко Пароло, Эмануэле Джаккерини, Антонио Кандрева, Даниэле Де Росси (Тьяго Мотта 78), Маттео Дармиан (Маттиа Де Шильо), Грациано Пелле, Эдер Эдер (Чиро Иммобиле 75)

Голдар: Эмануэла Джаккерини 32, Грациано Пелле 90+3




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!