Италия құрамасы Еуропа чемпионатындағы ең қарт құрама атанды

Фотография - Италия құрамасы Еуропа чемпионатындағы ең қарт құрама атанды

Алаңға шыққан ойыншылардың ішіндегі ең жасы Маттео Дармиан (26 жас)

573 0

Италия құрамасының Бельгиямен болған ойында алаңға шыққан ойыншылары Еуропа чемпионатының тарихындағы ең кәрі құрам атанды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл ойында Италия құрамасы ойыншыларының орташа жасы 31 жас 169 күнді құраған. Италияның негізгі құрамға шыққан ойыншылары: Джанлуиджи Буффон (37 жас), Андреа Бардзальи (34 жас), Леонардо Бонуччи (28 жас), Джорджо Кьеллини (31 жас), Эмануэле Джаккерини (30 жас), Антонио Кандрева (28 жас), Даниэле де Росси (32 жас), Маттео Дармиан (26 жас), Грациано Пелле (30 жас) және Эдер (29 жас).

Естеріңізге салсақ Италия Бельгия құрамасын 2-0 есебімен ұтқан болатын. Кездесудегі гол авторлары: Эмануэле Джаккерини (32-минутта) және Грациано Пелле (90).

Бұл ойында Италия құрамасының қақпашысы  Джанлуиджи Буффон ұлттық құрама қатарындағы 157 ойынын өткізді. Ол осымен төртінші Еуропа чемпионатында ойнап отыр. 

Бұл топтағы екінші ойында Швеция құрамасы Ирландиямен ұпай бөліскен. Есеп 1-1.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!