Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова допинг үшін жарыстардан шеттетілді

Фотография - Ильин, Чиншанло, Манеза мен Подобедова допинг үшін жарыстардан шеттетілді

Олар допинг пайдаланды деген күдікке ілінді

9370 2

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) өзінің сайтында ХОК жүргізген қайталама допинг сынамасының нәтижесі қазақстандық төрт ауыр атлеттің допинг пайдаланғанын көрсетті деген хабарламаны орналастырған, деп жазады Today.kz. Допинг пайдаланды деген күдікке Майя Манеза, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло мен Светлана Подобедова ілінді. IWF ережелеріне сай спортшылардың қандайда бір жарыстарға қатысуы тоқтатылды.

Сонымен бірге тізімде өзге елдердің де спортшылары да көрсетілген. Ол ресейлік Апти Аухадов, әзірбайжандық қыз Боянка Костова, белорус қыздары Дина Сазановец пен Маринка Шкерманкова, украиналық Юлия Калина.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық спортшылардың допинг қолданды деп күдікке ілінуі 4 маусымда белгілі болды. Сонымен бірге Зульфия Чиншанло Лондон ойындарының алтын медалінен айырылады делінген де болатын. Ал Бейжің мен Лондонға қатысқан қазақстандықтардың сынамасы қайта қаралуға жіберілді.

Аауыр атлетикадан ҚР құрамасының бас бапкеры  Алексей Ни  Чиншанлоның алтынна айырылуын өсек деді және қытайлық спортшыларды өсек-аяңмен аузын былғамай, күштерін жарыста көрсетуге шақырды.


 



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


ыхыласбек 16 мау. 2016

Мұнда бір құйтырқы әрекет бар сиақты. Бұрын қалай білмегег?

Жауап беру


Молдир 16 мау. 2016

Ертең жалған бари, неше жылдан бери ай карап журме, алде шошка тагалап жургенбе. Біз барлығымыз Ильяга сенеміз.Алга Илья.

Жауап беру