"Еуро-2016": Франция соңғы минуттарда Албанияға жауапсыз екі гол соқты

Фотография - "Еуро-2016": Франция соңғы минуттарда Албанияға жауапсыз екі гол соқты

Есеп 2:0.

238 0

Футболдан Еуропа чемпионатының А тобында өнер көрсететін Франция мен Албания құрамалары Марсель қаласындағы "Стад де Велодром" стадионында кездесті.

Франци – Албания 2:0 

Франция: Уго Льорис, Бакари Санья, Адиль Рами, Лоран Косьельни, Патрис Эвра, Н’Голо Канте, Блез Матюиди, Кингсли Коман, Димитри Пайе, Антони Марсьяль, Ольивье Жиру

Албания: Этрит Бериша, Эльсейд Хюсай, Арлинд Айети, Меврим Маврай, Анси Аголи, Бурим Кукели, Амир Абраши, Ледиан Мемушай, Анти Лила, Эрмир Леньяни, Армандо Садику

Голдар: Антуан Гризманн 90, Димитри Пайе, 90+6.

Франция құрамасы биыл Еуропа чемпионатына бірқатар мықты шабуылшыларын шақырмады. Осының салдарынан болар дүбірлі додадағы екі кездесуде де жеңісті голдарын соңғы минуттарда соғуда. Бұл ойында қауіпті шабуылдарды жиі ұйымдастырғанымен, екі гол негізгі уақыт аяқталғаннан кейін барып соғылды. Ойын барысында Ольивье Жиру, Кингсли Коман сынды футболшылардың мүмкіндіктері болды. Алайда, соңғы сәтте сәттілік жетіспеді.

Матчтың 90-минутында "Атлетико" футбол клубының ойыншысы Антуан Гризманн мергендігімен көзге түссе, қосымша берілген уақыттың 4-минутында Димитри Пайе есепті еселей түсті. Франция құрамасы кезекті рет әрең дегенде үш ұпайына қол жеткізді. Ал Димитри Пайе екінші ойын қатарынан матчтың үздік ойыншысы атанды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!