Головкиннің қарсыластары жекпе-жек үшін 2 млн доллар алуы керек – Куиллин

Фотография - Головкиннің қарсыластары жекпе-жек үшін 2 млн доллар алуы керек – Куиллин

Кім болса да Головкинмен жұдырықтасқаны үшін 2 млн доллар алуы тиіс. Себебі, GGG – шынайы қауіпті боксшы", - деді Питер Куиллин.

133 0

Америкалық кәсіпқой боксшы Питер Куиллин орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қарсыластарына қандай ұсыныс тиімді болатыны жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.  

"Қанша айтқанмен, бұл бизнес. Кім болса да Головкинмен жұдырықтасқаны үшін 2 млн доллар алуы тиіс. Себебі, GGG – шынайы қауіпті боксшы", - деді Питер Куиллин Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) кездесуден бас тартып, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қазақстандық боксшыға берген болатын. Енді Головкинге тек WBO титулын алу ғана қалды. Ол атақ бұрын жеңіліп көрмеген британдық боксшы Билли Джо Сондерске тиесілі. Сондақ-ақ, егер қазақстандық былғары қолғап шебері аталмыш титулды иеленсе, орта салмақ дәрежесіндегі бірінші абсолютті чемпион болады. Қазіргі таңда ол WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!