ОҚО-да бокстан халықаралық турнир өтті

Фотография - ОҚО-да бокстан халықаралық турнир өтті

Турнирге Қырғызстаннан да 3 команда қатысты

177 0

Таяуда Бәйдібек ауданының орталығы – Шаян ауылында бокстан Ұлы Отан соғысының ардагері Өтебай Байқараұлын еске алуға арналған халықаралық турнирдың қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, 2000-2005 жылғы жасөспірімдер арасында өткен сында 15 алтын, 15 күміс және 40 қола медаль өз қожайындарын тауып, үздік былғары қолғап шеберлеріне демеушілердің сыйлықтары мен алғыс хаттар тапсырылды.

Айта кету керек, турнирге Қырғызстаннан 3 команда, еліміздің Орал, Ақтау және Атырау қалаларынан 2 команда, Алматы, Тараз және Оңтүстік Қазақстан облысынан 149 жас боксер қатысып, бақ сынаған болатын.

Жалпы Бәйдібекте бұқаралық спорт жылдан-жылға дамып келеді. Мәселен, аудан әкімінің қолдауымен осы жылы Жамбыл, Боралдай, Кеңестөбе және Шардара ауылдық округтерінен спорт мектептері ашылып, ел игілігіне берілді. Бүгінгі таңда аталған мектептерде 68 бапкер спорттың 8 түрі бойынша 2 мыңнан астам баланы жаттықтырып келеді.



Тегтер:

бокс ОҚО турнир

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!