Украина құрамасы үшін Еуропа чемпионаты аяқталды

Фотография - Украина құрамасы үшін Еуропа чемпионаты аяқталды

Украина құрамасы алғашқы ойында Германия жігіттерінен ұтылған болатын.

283 0

Украина құрамасы Еуро-2016 жарысында екінші ойын қатарынан ұтылып қалды. Бұл жолы олар Солтүстік Ирландия құрамасына жол берді. Есеп 0-2. Алғашқы турда дәл осындай есеппен Германия құрамасына есе жіберген болатын. Өз кезегінде Германия Польшамен тең тарқасты. Бұл ойында есеп ашылған жоқ. Осы ойыннан соң Украина құрамасы топтан шығу мүмкіндігінен айрылды. "С" тобындағы Германия мен Польшада 4 ұпайдан бар. Солтүстік Ирландияда — 3, Украинада — 0 ұпай.

Украина топтағы үшінші ойынынын Польшамен өткізеді. Ал Германия Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!