Атлеттеріміз допинг-сынаманы қайта өткізе алады - депутат Ольга Шишигина

Фотография - Атлеттеріміз допинг-сынаманы қайта өткізе алады - депутат Ольга Шишигина

Сидней олипиадасының чемпионы споршыларымыздың рухын көтеруге тырысты

348 0

Мәжіліс депутаты, жеңіл атлетикадан олимпиада чемпионы Ольга Шишигина тиым салынған препарат қолданды деп айыпталған спортшылардың қайталама допинг-сынамасын кеш өткізгеніне наразылығын білдірді, деп жазады Today.kz.

"Мен ойлаймын, енді біздің атлеттер сынаманы қайта өткізеді, одан кейінгі шешімді федерациядан күтеміз (Халықаралық ауыр атлетика федерациясы). Спортшыларымыздың барлығына ұнжырғасының түспеуін тілеймін, үміттерін үзбесін және біз олармен бірге екенімізді ұмытпасын", - дейді мәжіліс депутаты.

2000 жылғы олипиада чемпионы қазақстандық жетекші төрт спортшыдан бірдей тиым салынған препараттардың табылуы туралы естігенде таң болған.

"Бұл расында аспан айырылып жерге түскендей болды. Болжам бойынша спортшыларды аппеляцияға беруге бір ай уақыты бар. Ал негізі ереже бойынша сынамалар жарыс басталғаннан кейін бір аптадан кейін тексеріледі, ал  ХОК-тың сынаманы төрт жылдан кейін ашуы ­­­– дұрыс емес. Енді күтеміз, наразылық білдіреміз, төрт жыл контейнерде жатқан сынамаға не болмады дейсіз", - дейді Шишигина.

Мұның алдында ҚР мәдениет және спорт министрі ауыр атлеттердің ары қарайғы олипиадаға қатысу не қатыспау туралы шешім 27 маусымда қаралатындығын айтқан. Отырысқа Қазақстан өкілдері де қатысады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!