Алматыда блиц-шахматтан Еуразия Кубогы аяқталды

Фотография - Алматыда блиц-шахматтан Еуразия Кубогы аяқталды

Еуразия Кубогының және алдын медаль иегері Фаррух Амонатов

Әлемнің көп дүркін чемпионы Анатолий Карпов Кубоктың құрметті қонақтарының бірі болды.

319 0

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің блиц-шахматтан Еуразия Кубогы аяқталды. Жарысқа құрлықтың 30 елінен 100-ден аса спортшылар қатысты. Турнирдің жалпы жүлде қоры 100.000 АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды Академик Ш.Есенов атындағы орталықтың қоғаммен байланыс қызметі.

Жарыстың қорытындылары бойынша 16 ұпай алған екі Әлем кубогының қатысушысы, Орталық Азияның күміс жүлдегері Фаррух Амонатов (Тәжікстан) Еуразия Кубогының және алдын медаль иегері атанды. Спортшы 30 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай жүлдеге ие болды. Екінші орын иегері (сондай-ақ 16 ұпай) 25 жастағы Еуропа чемпионы Ян Непомнящий (Ресей) 20 000 АҚШ долларын иемденді. Еуразия Кубогының қола медалі және 14 000 АҚШ доллары өз елінің екі дүркін чемпионы және бес олимпиаданың қатысушысы Баадур Джобаваға (Грузия) табыс етілді. Ол 15.5 ұпай алды. Ринат Джумабаев (13.5 ұпай) пен Гулисхан Нахбаева (11) турнирдің үздік қазақстандық шахматшылары атанды. Қазақстан шахмат федерациясы соңғы аталған екі спортшыны 1000 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай жүлделермен марапаттады.

Блиц бойынша Еуразия Кубогында әйелдер арасында қазіргі әлем чемпионы Ифань Хоу (Қытай), блиц бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы Александр Грищук және әлем Кубогының иегері Петр Свидлер (екеуі де — Ресейден), Қытай чемпионы Ван Хао, блиц бойынша әлем чемпионы Ле Куанг Льем (Вьетнам), Еуропаның екі дүркін чемпионы, жылдам шахмат бойынша әлем чемпионы Шахрияр Мамедьяров (Әзірбайджан) қатысты.

Әлемнің көп дүркін чемпионы Анатолий Карпов Кубоктың құрметті қонақтарының бірі болды.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!