"Астананың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы белгілі болды

Фотография - "Астананың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы белгілі болды

Олар алғашқы ойынды сырт алаңда өткізеді.

1230 0

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребесі тартылды. 

Жеребе қортындысында ел чемпионы "Астана" командасы УЕФА Чемпиондар Лигасының 2-іріктеу кезеңінде литвалық "Жальгирис" командасымен кездесетін болды, деп хабарлайды Today.kz

Алғашқы ойын 12/13 шілдеде өтсе, қарымта кездесулер 19/20 шілдеге белгіленді. "Астана" алғашқы ойынын қонақта өткізеді. 

Естеріңізге салсақ, былтырғы маусымда "Астана" чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен болатын. Олар бір топта "Атлетико", "Бенфика" және "Галатасарай" клубтарымен ойнаған. Алты ойында үш рет ұтылып үш рет тең ойнап өз тобында төртінші орында қалып қойған. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!