Ә.Жақсыбеков әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Фотография - Ә.Жақсыбеков әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

Дүбірлі додада Қазақстан өз тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді.

149 0

Елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков қала әкімдігінің аппарат отырысында әйелдер арасындағы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері Ләззат Күнгейбаева мен Валентина Хальзованы Астанада өткен AIBA Әлем чемпионатында жоғары жетістікке қол жеткізгендерімен құттықтады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Еске салайық, дүбірлі додада Қазақстан өз тарихында алғаш рет жалпыкомандалық есепте бірінші орынға табан тіреді. Отандық былғары қолғап шеберлері төрт алтын мен екі қола жүлде еншіледі. Соның ішінде елордалық екі спортшы жеңіс тұғырына көтерілді.

"Қала активінің көзінше Сіздерді шын жүректен құттықтаймын, спортта да, жеке өмірде де жетістіктерге жете берулеріңе тілектеспін", - деді Ә. Жақсыбеков чемпиондарға "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" құрметті атағын табыстай отырып.

Әкім қыздарға отандық спорттың табыстылығына үлес қосқаны үшін алғыс айтып, қалада спортты дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып жатқанын, соның ішінде елордалық спортшылардың тұрғын үй-тұрмыстық мәселелері шешіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Астанада өткен әлем біріншілігінің ұйымдастырылуына жоғары баға берілді, оны AIBA халықаралық ұйымының өкілдері де растады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!