Сарыағашта жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды

Фотография - Сарыағашта жасөспірімдер арасында дзюдодан Қазақстан Чемпионаты аяқталды

ОҚО дзюдошылары ел Чемпионатында жеңімпаз атанды

360 0

Сарыағаш ауданында 17-19 маусым аралығында дзюдодан 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Чемпионаты өтті, деп хабарлайды  Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Аудандар арасында алғаш рет ұйымдастырып, Сарыағашта өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкіпірінен, атап айтқанда, Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Петропавл және өзге де қалалардан жас спортшылар қатысты.

Чемпионаттың ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Парманов, мемлекеттік аға жаттықтырушы Е.Байжұманов, ҚР дзюдо федерациясының референт директоры М.Нұртазин қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте І орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, ІІ орынды Алматы облысы, ІІІ орынды Алматы қаласы иеленді.

Ал салмақ дәрежелері бойынша 46 келіде күрескен Сарыағаштық жерлесіміз Ш.Давлетов чемпион атанды. Шерзод бұған дейін де түрлі халықаралық жарыстардан жүлделер алып үлгерген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!