Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті

Фотография - Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті

Ал "Қазақстан Барысы " жарысына тағы бір палуан қосылды

197 0

Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті . Бұл туралы аталмыш федерацияның президенті Арман Шораев мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz .

Арман Шораевтың сөзінше Қанат Бозымбаев қазақ күресінің дамуына зор септігін тигізген азамат. Ал Бозымбаевтың өзі сенім білдіргендеріне алғыс айта отырып, осы жылы қазақ күресінен Астанада әлем чемпионаты өтетінін жеткізді.

"Қазақстан Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай қазан – қараша айларында Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді, сондай–ақ, EXPO-2017 көрмесі өтетін жылы халықаралық "Әлем Барысы" жарысын да өткізу жоспарда", деді Қанат Бозымбаев.

Арман Шораев "Қазақстан Барысы" жарысына 33- ші палуан болып Талғат Амреновтың қосылғанын жеткізді. Жарысқа келер болсақ жеңімпаз атанған палуан 25 миллион теңге көлемінде ақшалай марапат, жеңіл автомобиль және Астанадан пәтерге ие болады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!