Алматы Универсиадаға қатысатын 64 елдің 5000-ға жуық спортшысын қабылдай алады

Фотография - Алматы Универсиадаға қатысатын 64 елдің 5000-ға жуық спортшысын қабылдай алады

Алайда, іс жүзінде 50 елдің спортшылары Алматыда өтетін Универсиадаға келуі мүмкін.

226 0

Бүгін 2017 жылы өтетін Универсиадаға дайындық және өткізу дирекциясының  басшысы Наиль Нуров БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Алматы қаласы 64 елдің спортшылары мен делегаттарын еркін қабылдай алатынын айта отырып, іс жүзінде 50 елдің спортшылары Алматыға келуі мүмкін екенін жасырмады.

"Біз Алматыны Универсиада кезінде 64 елді қабылдай алады деп айта аламыз. Бұл максималды көрсеткіш. Бүгінгі біздің Атлеттер қалашығы, спорттық нысандар, транспорт,  логистикалық мүмкіндіктеріміз 64 елдің 5000-ға жуық спортшысын қабылдауға мүмкіндігі жетеді", – деді Наиль Нуров.

Кездесу барысында Наиль Нуров осыған дейінгі рекордтық көрсеткіш Эрзурум қаласында тіркелгенін айтып өтті. Эрзурумде 52 ел Универсиадаға қатысқан болатын.

"Ойындар Еуропада өткен кезде логистиканы жеңілдететіні анық. Еуропада Универсиадаға қатыспайтын ел жоқ. Біз Эрзурумнің рекордын бұзуға талпындық. Бірақ бүгінгі күні әлемде экономикалық қиын жағдайлардың орын алуы арманымыздыың орындалуына кедергі болды. Бізге 64 елден емес, 50 елдің спортшылары келуі мүмкін деп жобалап отырмыз. Бірақ тіркелу жұмыстары әлі аяқталмады. Жыл соңына дейін бізде әлі уақыт бар", – деп хабарлады 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының басшысы.

Сонымен қатар Наиль Нуров, Ұлттық студенттер спорты федерацияларының Универсиадаға қатысуын қамтамасыз ету Халықаралық студенттер спорты одағының (FISU)қарауында екенін де айтып өтті.  "Біз осы сұрақ бойынша FISU көмегіне және Қазақстан ұлттық спорттық студенттер одағының көмегіне жүгінеміз", – деп сөзін аяқтады Наиль Нуров.

Белгілі болғандай, FISU регламенті бойынша қатысуға мүмкіндік беретін аккредитацияға өтініш жіберу 2016 жылдың 29-қаңтарынан 2017 жылдың 29-қаңтарына дейін жалғасады.

Айта кетейік, Универсиадаға аккредитациялаудың бірінші кезеңінде 64 ел қатысуға өтініш білдірген болатын. Екінші кезеңде қатысушы ел команда тізімі мен спорт түрлері және спортшылар мен ресми адамдардың нақты санын нақтылауы тиіс.

Журналистерге арналған таңғы асты ұйымдастыруға Hard Rock Cafe Almaty қолдау бірдірді. Hard Rock Cafe – бұл 1971 жылы құрылған халықаралық франчайзинг мейрамханаларының америкалық желісі. Бүгінгі таңда әлемнің 64 елінде 200-ден астам бөлімшелері бар.  Олар негізінен  мейрамханалар, қонақүйлер мен казинолар.  Қазақстан аталған мекеме ашылған 59-шы мемлекет болып тіркелді.  Hard Rock Cafe Almaty ТМД елдері бойынша Мәскеуден кейінгі 13 жылдан бері істеп келе жатқан кафе болып табылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!