Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

Фотография - Астанада дуатлоннан жарыс өтеді

"Астана-дуатлон - 2016" жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады.

251 0

Осы аптада, 26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілетін болады. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырмақ. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Астана-дуатлон - 2016" жарысына 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алады. Бірақ 18-ге толмағандар тіркелу үшін ата-анасының жазбаша рұқсатын әкелуі керек. "Астана-дуатлон - 2016" жарысына қатысушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін ала келуі қажет.

Қатысушыларды тіркеу шара өтетін күні "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда таңғы сағат 7-ден басталып, турнирге 15 минут қалғанда аяқталады. Дуатлон таңғы сағат 10.00 басталады.

Турнир үш кезеңнен тұрады: алдымен қатысушылар 5 шақырым жүгіріп өтеді, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүреді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгіреді.

Былтырғыдай әрбір қатысушының уақыты жеке белгіленеді, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!