Чили құрамасы екінші жыл қатарынан Америка кубогының финалына шықты

Фотография - Чили құрамасы екінші жыл қатарынан Америка кубогының финалына шықты

Бұдан бір жыл бұрын болған финалда олар Аргентина құрамасын ойын соңындағы пенальтиден ұтқан болатын.

271 0

Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогы турнирінің екінші  жартылай финалдық ойынында Чили құрамасы Колумбияны 2-0 есебімен ұтты. Кездесуде  Чарльз Арангис пен Хосе Фуэнсалида бір- бірден гол соқты. 

Енді олар финалда Аргентина құрамасымен кездеседі. Олар өз кезегінде АҚШ құрамасын 4-0 есебімен ұтқан болатын

Естеріңізде болса, Өткен жылы да финалда Аргентина мен Чили құрамасы финалда кездесіп, соңғысы ойын соңындағы пенальтиде басым түскен. 

Финалдық ойын Нью-Джерсида 27- маусымда өтеді. Ал АҚШ құрамасы мен Колумбия құрамасы арасындағы үшінші орын үшін ойын 26- маусымда болады. 

Америка Кубогы – 2016

1/2 финала

Колумбия – Чили – 0:2 (0:2)

Голдар: Арангис, 7 (0:1). Фуэнсалида, 11 (0:2).

Колумбия: Оспина, Мурильо, К.Сапата, Ариас, Фабра (Перес, 73), Куадрадо (Бакка, 80), Торрес, К.Санчес, Родригес, Кардона (М.Морено, 46), Мартинес.

Чили: Браво, Исла, Хара, Медель, Босежур, Сильва, Эрнандес (Пульгар, 30), Арангис, Фуэнсалида (Пуч, 75), Варгас (Гонсалес, 88), А.Санчес.

Ескерту алғандар: Браво, 39. К.Санчес, 41. А.Санчес, 45+3. Босежур, 65. Пуч, 79. Сильва, 85. Бакка, 89. Родригес, 90+1.

Алаңнан қуылды: К.Санчес, 57.

Төреші: Агилар Чикас (Сальвадор).




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!