Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққан барлық командалар белгілі болды

Фотография - Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққан барлық командалар белгілі болды

Испания, Италия, Германия, Франция және Англия құрамаларының бірі ғана финалға шығуы мүмкін.

304 0

Франция жерінде өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі мәреге жетті. 

А тобынан Франция мен Швейцария, В тобынан Уэльс пен Англия, С тобынан Германия мен Польша, Д тобынан Хорватия мен Испания, Е тобынан Италия мен Бельгия, F тобынан Венгрия мен Исландия плей-офф кезеңіне 1-2 орынмен шықты.

Өз топтарында үшінші орын алған командалардан  Словакия, Ирландия, Португалия және Солтүстік Ирландия құрамаларының жолы болып жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал Албания мен Түркия құрамалары Португалия және Солтүстік Ирландиямен бірдей ұпай жинағанымен қосымша көрсеткіштері төмен болғандықтан плей-офф кезеңінен тыс қалды.

 1/8 финалда Италия мен Испания  кездеседі. Қос команда төрт жыл бұрын финалда кездесіп Испандықтардың мерейі үстем болған. Өзге жұптар төмендегідей. 

25 маусым:

Швейцария - Польша 

Уэльс - Северная Ирландия 

Хорватия - Португалия 

26 маусым:

Франция - Ирландия 

Германия - Словакия 

Венгрия - Бельгия 

27 маусым:

Италия - Испания 

Англия - Исландия 

Фото -

Ең қызығы Еуропа чемпионатының басты фавориттері Испания, Италия, Германия, Франция және Англия сетканың бір бөлігіне түсті. Яғни аталған құрамалардың біреуі ғана финалға шығуы мүмкін.  

Еуропа чемпионатының финалы 10 шілде күні "Стад де Франс" стадионыныда өтеді. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!