Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Фотография - Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабына отандық мамандар Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов кірді.

130 0

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Бұл қызметке 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері міндетін атқарып келе жатқан Талғат Маруанұлы Байсуфинов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен Қазақстан Ұлттық құрамасы үш матч өткізіп үлгерді. Оның жетекшілігімен Әзірбайжан мен Қытай құрамаларын жеңіп, Грузия құрамасымен тең ойнады.

Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабына отандық мамандар Нүркен Мазбаев, Юрий Новиков және Андрей Ферапонтов кірді.

Биыл Қазақстан Ұлттық құрамасы  2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің ойындарын бастайды. Алғашқы ресми матч 4 қыркүйек күні Астанада Польша құрамасымен өтеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!