Риодағы антидопингтік зертхана жалған қорытынды бергені үшін жұмысын тоқтатты

Фотография - Риодағы антидопингтік зертхана жалған қорытынды бергені үшін жұмысын тоқтатты

Шешім 22 маусымда күшіне енді, зертханаға хабар берілді.

345 0

Рио-де-Жанейродағы антидопингтік зертхана жалған сынама қортындыларын берген, оның жұмысы кем дегенде алты айға тоқтатылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.

Шешім 22 маусымда күшіне енді, зертханаға хабар берілді. Ол 21 күннің ішінде Спорттық арбитраждық сотқа (CAS) шағымдана алады.

Барлық допинг сынамалары енді Бразилиядан Швейцариядағы зертханаға жіберіліп отыратын болды. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.  

Еске сала кетейiк, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары кезінде Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина спортшыларынан алынған сынамалардан допинг табылғанын мәлімдеген болатын.

Жарыстан шеттетілген спортшылардың қатарында қазақстандық төрт спортшы – Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Майя Манеза бар

Қосымша жасалған сынама төрт спортшыда да – станозол, ал Ильинде бұған қоса дегидрохлорометилтестостерон және Чиншанлода оксандролон барын анықтап отыр. Сонымен қатар Илья Ильиннің 2008 жылғы Олимпиада ойындары кезінде алынған допинг-сынамасы да оң нәтиже көрсетті.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!