Астанада дуатлоннан екінші жарыс өтті

Фотография - Астанада дуатлоннан екінші жарыс өтті

Турнир үш кезеңде өтті.

146 0

26 маусымда Елорда күнін мерекелеуге орай Астанада дуатлоннан ашық қалалық турнир екінші рет өткізілді. Биыл жарысқа қатысушылар 25 шақырым қашықтықты бағындырды. Жолдың жалпы ұзындығы кездейсоқ таңдалып отырған жоқ – ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған – деп хабарлайды Астана қаласының Мәдениет басқармасы.


Турнир үш кезеңде өтті: алдымен қатысушылар 5 шақырым, содан кейін 15 шақырымды велосипедпен жүрді, ал соңғы кезеңде – тағы да 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Танымал қазақстандық велошабандоз, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров жексенбі күні Астанада өткен дуатлоннан жарысқа қатысады.

Бұрын хабарланғандай, Елорда күнін мерекелеуге орай дуатлоннан жарыс Астанада екінші рет өткізілді. Спорттық шара Астананың сол жағалауында ұйымдастырылып, "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңнан басталды. Жүгіру Қонаев көшесінен басталды, одан әрі қатысушылар Қабанбай батыр даңғылы, Достық және Орынбор көшелерімен жүгіріп өтті. Мәреде жасалған арнайы аймақта спортшылар велосипедке отырып, жарысты жалғастырды.


Веложарыс та Қонаев көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылымен жалғасты, дуатлонға қатысушылар НЗМ (Назарбаев зияткерлік мектебі) жанынан қайта айналып Керей және Жәнібек хандар көшесіне дейін барды, содан кейін осы жолмен Орынбор көшесіне дейін жүрді, веложарыс Қонаев көшесінде мәресіне жетті. "Астана-дуатлон - 2016" ашық қалалық турнирге 16 жастан асқандардың бәрі де қатыса алды.

Салтанатты марапаттау рәсімінен кейін "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда дуатлонға қатысушылар мен шара қонақтарының назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!