Қыдырбаев сегіз, Өтешов төрт жылға спорттан шеттетілді

Фотография - Қыдырбаев сегіз, Өтешов төрт жылға спорттан шеттетілді

Қыдырбаев осыған дейін бір рет допингпен жарыстан шеттетілген болатын.

187 0

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) допинг қолданғаны үшін қазақстандық ауыр атлеттер Жасұлан Қыдырбаевты сегіз, Алмас Өтешов пен Ермек Өміртайды төрт жылға спорттан шеттеді. Бұл туралы Аламан сайты хабарлап отыр.

Қыдырбаев осыған дейін де бір рет допингпен ұсталып жарыстан шеттетілген болатын. Сондықтан ол "екінші рет допинг қолданды" деген айыппен  сегіз жылға жазаланып отыр.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2015 жылы Хьюстонда өткен әлем чемпионаты кезінде қазақстандық Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев және Ермек Өміртайдың қанынан допинг табылғанын мәлімдеген.

Хьюстондағы әлем чемпионатында Алмас Өтешов күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль алған. Енді екеуі де медалін қайтарып беруі тиіс.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!