Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасынан кететінін мәлімдеді

Фотография - Лионель Месси Аргентина ұлттық құрамасынан кететінін мәлімдеді

Лионель Месси Аргентина құрамасы қатарында 113 ойын өткізіп үлгерді.

348 0

29 жасар Лионель Месси бұл шешімін Аргентина ұлттық құрамасы Америка кубогының финалында Чили құрамасынан  ұтылғаннан соң мәлімдеді. "Алтын доптың" бес дүркін жеңімпазы ойын соңындағы пенальтиден мүлт кеткен болатын. "Мен Аргентина құрамасындағы спорт карьерамды аяқтаймын", — деп мәлімдеді 29 жастағы шабуылшы.

Сондай-ақ бұл жеңіліс Аргентина үшін халықаралық турнирлердің финалындағы үшінші жеңіліс болып отыр. Бұдан екі жыл бұрын олар әлем чемпионатының финалында Германия құрамасына жол берсе, жыл бұрын Америка кубогының финалында дәл осы Чили құрамасына пенальти сериясында ұтылған.

Лионель Месси Аргентина қатарында 113 ойын өткізіп 55 гол соққан.Аргентина ұлттық құрамасының үздік сұрмергені.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!