Әнуар Биданов Еуропа Лигасының матчына делегат болып тағайындалды

Фотография - Әнуар Биданов Еуропа Лигасының матчына делегат болып тағайындалды

Әнуар Биданов "Габала" (Әзірбайжан) - "Самтредиа" (Грузия) матчына делегат ретінде тағайындалды

252 0

30 маусым күні Баку қаласында УЕФА Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде "Габала" (Әзірбайжан) - "Самтредиа" (Грузия) матчы өтеді.

Бұл ойынға делегат ретінде Қазақстан футбол федерациясының Әйелдер футболы департаментінің басшысы Әнуар Биданов тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.  

Айта кетейік, "Габала" футбол клубы қатарынан үшінші мәрте Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіне қатысып отыр. Өткен жылы әзірбайжандық команда Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал, "Самтредиа" футбол клубы 2015/2016 жылғы маусымда жиырма жыл бұрынғы табысын қайталап, Грузия чемпионатында екінші орын алды және клуб тарихында екінші рет еурокубок жолдамасына ие болды. 

"Габала" - "Самтредиа" жұбының жеңімпазы іріктеу кезеңінің екінші айналымында "Ақтөбе" (Қазақстан) — "Будапешт" (Венгрия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!