Kazsport "Чукарички" "Ордабасы" ойынын тікелей эфирде көрсетеді

Фотография - Kazsport "Чукарички" "Ордабасы"  ойынын тікелей эфирде көрсетеді

Ойын Астана уақыты бойынша 00-20 минутта басталады.

101 0

30 маусым күні, бейсенбіде Сербия астанасы Белградта футболдан сербиялық "Чукарички" мен шымкенттік "Ордабасы" арасындағы Еуропа Лигасының іріктеу раундының бірінші матчы өтеді, деп хабарлады "Қазақстан" республикалық телерадикорпорациясының баспасөз қызметі.

"Kazsport" телеарнасы ойынды тікелей эфир арқылы таратады. Ойын Астана уақыты бойынша 00-20 минутта басталады.

"Чукарички" футбол командасы 1936 жылы Белградтың маңындағы аттас қалада құрылған. Клуб жай ғана провинциялық болғанымен 90 жылға жуық уақыт бойы Югославияның, бүгінде Сербияның "Партизан" және "Црвена звезда" сияқты "азулы" командаларымен бәсекеге түсіп келеді.

"Чукарички" командасының құрамында кей жылдары Сербияның кезіндегі және бүгінгі құрамаларының Горан Гавранчич, Александр Коларов, Андрия Павлович сынды танымал ойыншылары өнер көрсеткен. 2013/2014 жылдардағы маусымдардан бастап, ұлттық чемпионатта сәтті өнер көрсетулеріне байланысты клуб өкілдері Еуропа Лигасының іріктеу раундтарында жиі шығады.

Сондай-ақ «Чукарички» командасының активінде Сербия футболының Кубогі бар. Оны команда өкілдері Белградтың "Партизанын" 1-0 есебімен жеңіп, 2015 жылдың көктемінде ұтып алған болатын.

Шымкенттік клуб үшін бұл Еуропа Лигасының іріктеу раундындағы үшінші рет өнер көрсетуі. Бұл раундта ордабасылықтар алғаш рет 2012 жылы сербиялық «Ягодино» клубымен сайысқа түскен болатын. Ол кезде «Ордабасы» сербтерді екі кездесудің нәтижесі бойынша артқа тастап, келесі кезеңге жолдама алды.

"Kazsport" телеарнасы 7 шілде күні Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетін қарымта кездесуді де көрсететіндігін еске саламыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!